360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау қолданыстағы бағдарламаларды іске асыруға серпін береді

  • 154
  • UPD: 23:46, 08.10.2018

«7-20-25» бағдарламасының көмегімен алдағы 5 жылда 100 мыңнан астам адам баспаналы болады. Бұл туралы қала активімен болған кездесуде елорда әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Мемлекет басшысының кезекті жолдауын өзек еткен жиында тағы қандай мәселелер көтерілді?

Жиында Жолдауда көрсетілген алты бағыттың барлығы қамтылды. Кездесуде сөз алған қала әкімі Бақыт Сұлтанов, құжаттағы тапсырмаларды жүзеге асыру әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ биылғы жолдаудың алдыңғы үндеулердің жалғасы екенін атап өтті.  

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:

-Биылғы жолдау – осыған дейін әзірленген бағдарламалық құжаттар – «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы Жол» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жалғасы. Сондай-ақ бұл құжат қазіргі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын жеделдете түсетін жаңа драйверге айналады.  

Мемлекет басшысы жолдауда отандық өнімдерге қолдау көрсету керек деп қадап айтты. Сондықтан, әлеуметтік саладан бөлек Астанадағы бизнеса ахуал да жиында сөз болды. Әсіресе денсаулық сақтау және білім беру ісіндегі қызмет көрсету сапасының артқанына кәсіпкерлер баса назар аударды. 

Дана Әбілдина, тіс емдеу емханалар желісінің директоры:

- Біздің компания Нұрсұлтан Назарбаевқа «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы үшін алғыс айтады. Осы қолдаудың арқасында Астанада 3 емхана ашып, 100-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырмыз.

Сәуле Шәуенова, өндіріс компаниясының жетекшісі: 

- Жолдаудың төртінші бағытын, яғни ішкі нарықты отандық тауармен толтыру бастамасын құптаймыз. Мемлекет басшысы  өз сөзінде алдағы 3 жылда өңдеуші кәсіпорындарды қолдау керек деген еді. Бұл шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашады.

Жолдаудың алты бағыттан тұратынын айттық. Елорда әкімі олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың жүзеге асуы да жіті назарда болатынын айтты.

Авторы: Нұршапағат Несіпбаев

Хабар 24 телеарнасы