365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада су ресурстарын қорғауға арналған халықаралық сессия өтеді

  • 96
  • UPD: 07:28, 09.10.2018

Қазақстанда шекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау конвенциясының сегізінші сессиясы өтеді.

Қазанның 10-ы мен 12-сі аралығында елордада БҰҰ-ға мүше 90 елдің министрлері мен 500-ден астам жаһандық сарапшы бас қоспақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев баспасөз мәслихатында баяндады. Берері мол басқосу барысында климаттың өзгеруіне бейімделу, су ресурстары, азық-түлік және энергия мен экожүйе мәселелері қаралады. Нәтижесі бойынша маңызды құжаттарға қол қойылмақ.

Айта кетейік, бұл кеңеске Қазақстан 2000 жылдан бері мүше.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Конвенцияны мақсаты – оны қолдап, осы конвенцияға бұдан да көп мемлекеттер қосылуға іс әрекет жасау. Бұл бір. Екінші – конвенция туралы жасалып жатқан жұмыстарды басқа елдерге жеткізуді қамтамасыз ету. Үшінші – әр су бассейніндегі мемлекеттер өздерінің біріккен жұмыстарында әртүрлі сектордың қызығушылығын ескере отырып сектораралық жұмысты жүргізу. 

Хабар 24 телеарнасы