360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жастар әдебиетін дамыту қажет

  • 174
  • UPD: 10:53, 09.10.2018

Елбасы жолдауы – жалпы еліміздегі саяси әрі экономикалық-әлеуметтік маңызды құжат.

«Сондай-ақ оның рухани мән-мазмұны да терең», – дейді қаламгерлер. Жолдау жүктеген міндеттер қоғамның барлық саласын қамтиды.

Жолдаудың орындалуына, қоғамдық ой-пікір қозғауда жазушылар қалыс қалмай, белсенділік танытпақ. Осы орайда Алматыдағы Жазушылар үйі ғимаратында аға буын қаламгерлер жолдауды талқылап, ұйым тарыпынан атқарылар міндеттерді айқындады. Елбасы келер 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Соған сәйкес одақ жастардың  шығармашылығын дамытуға бағытталған арнайы бағдарлама әзірлейді. Мақсат – жастар поэзиясы мен прозасын дамыту,  драматургия мен сын жанрына жаңа серпін беру.

Сұлтанәлі Балғабаев, жазушы-драматург:

- Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» атты еңбегінде қолға алынып жатқан істердің барлығына, әсіресе мәдени-рухани істерге Қазақстан жазушылар одағы қатысуы керек деп атап көрсеткен. Бұл жолдауды жазушылар қызу талқылады. Келесі жыл Жастар жылы болатыны үлкен жаңалық болып жатыр. Өйткені біздің жазушыларымыз үнемі кейінгі толқынмен толығып ы керек. Жастар келіп отыруы керек. Біздің қазақ әдебиетінде талантты жазушылар бар, соларға қолдау болады.

Хабар 24 телеарнасы