360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда «100 жаңа есім» жобасы бойынша семинар өтті

  • 99
  • UPD: 11:35, 09.10.2018
Павлодарда «100 жаңа есім» жобасы бойынша семинар өтті

Павлодар қаласында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушыларына арналған семинар өтті.

Басты мақсат – жастарға өзін-өзі дамыту, өзіндік маркетингтік стратегия және өзін таныту дағдыларын үйрету. Сарапшылардың айтуынша, халықтың құрметіне ие болу үшін әлеуметтік желілердегі белсенділік аздық етеді. Бүгінгі күннің қаһарманы атану үшін жеңістерімен сауатты бөлісе білу керек. TEDx форматында өткен кездесу барысында жастар заманауи медиа технологияларды меңгеріп, танымдық деңгейін арттыру мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, былтыр бес павлодарлық «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалисі атанған болатын. Биыл халықтық жобаға өзін өзі ұсынған азаматтар да қатысу мүмкіндігіне ие.

Алексей Лодочников, жоба қатысушысы:

- Осы жобаның арқасында жазда өзімнің «Бақытыңның бірімін» атты концерттік облыс бойынша турымды өткіздім. Енді осы жоба материалдық көмек бермейді, жоба қазақстандықтарға қарапайым адамдарды тәуелсіздік дәуірінде үлкен жетістіктерге жеткен, Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосып жүрген адамдарды жай ғана қарапайым адамдарға таныстырады.

Ақерке Берлібай, медиажаттықтырушы:

- Қазіргі кезде «әлеуметтік медиа», «диджитал» медиа дейді.  Ол бүгінгі «Инстаграмм», «Фейсбук», «В контакте» және тағы да осы әлеуметтік желілер. Сол жерде оны жай ғана жүргізуге болмайды. Бізде «селфбрендинг» деген бар. Өзін-өзі таныту дейді. Соның әдістерін қалай жүргізу, фото-видео жасау керек екенін бүгін талқылаймыз.

Хабар 24 телеарнасы