366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі мектептердің 80 пайызына бейнебақылау камералары орнатылған

  • 127
  • UPD: 15:20, 09.10.2018

Үш жылда білім беру мекемелері толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталады.

Бұл туралы бүгін Үкіметте Білім және ғылым вице-министрі мәлімдеді. Эльмира Суханбердиеваның сөзінше, жоба 2021 жылы 100 пайыз орындалады. Айтуынша, қазір елдегі мектептердің 80 пайызына бейнебақылау камералары орнатылған. Мәселен, Атырау облысындағы білім беру ұйымдарының 87 пайызында құрылғы бар. Ал Түркістан, Қызылорда мен Шымкент қаласы әлі де көш соңында қалып отыр. Мұнда бейнебақылау камералары бар мектептер үлесі 37 пайызға ғана жуықтайды.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Қауіпсіздік пен білім сапасы бәрінен де маңызды. Республика бойынша бейнекамералармен қамтамасыз етуде Атырау облысы көш бастап тұр. Павлодар, СҚО, Қарағанды облыстары да алдыңғы қатарда. Керісінше, ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысына тиесілі. Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында да бейнекамералармен жабдықталған мектептер өте аз. Министрлік өңірлерге үш жыл уақыт берді және жабдықтау жұмыстары бойынша әкімдіктер тікелей жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы