366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында бұқаралық спорт дамиды

  • 105
  • UPD: 13:55, 09.10.2018

Ақмола облысында халықтың 27,6 проценті бұқаралық спортпен айналысады.

Өңірде 2 мың 300-ден астам спорт нысаны бар. Дегенмен кейбір ауылдарда спорттың кей түрлерімен айналысуға мүмкіндік бола бермейді.

Шаңғы спортынан ел құрамасының сапында өнер көрсетіп жүрген 22 жастағы Эльмира Мутагарова – Зеренді ауданындағы Көктерек ауылынан шыққан жас спортшы. Елді мекенде арнайы жаттығатын орын болмаған соң, алғашында аудан орталығында шынығып, кейіннен қалаға көшкен.

Эльмира Мутагарова, шаңғышы:

- Ауылды жерлерде спорттық әлеуеті зор балалар өте көп. Бірақ елді мекенде жағдай болмаған соң, өздерін дамыта алмай жүр. Мәселен, мен ауылда тұрғанда аудан орталығына жаттығуға жаздыгүні амалсыз велосипедпен барып жүрдім.

Спорт саласы мамандарының айтуынша, ауылды жерлерде спортты дамытуға барлық жағдайлар жасалып-ақ жатыр. Жаттықтырушылар да жоқ емес. Олар болмаса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері де балаларды спортқа баулуға қосымша атсалысып келеді. Бірақ жүйе жоқ. Сондықтан нәтиже де шамалы. «Әсіресе ауылдық спартакиадаларды жиі өткізу керек», – дейді.

Әлімжан Молдағалиев, киокушинкай-каратэ федерациясының вице-президенті:

- Біз жалғыз халықты айналыстырмауымыз керек. Біз бұқара халықты айналыстыруымыз керек. Ауылдағы халықты айналыстыру үшін сондай спартакиадаларды ұйымдастыру керек. Ондай спартакиадаларды ұйымдастыру үшін ауылдық мектептерде әртүрлі спорттан ұйымдар өткізуіміз керек. Оның бәрі жүйелі түрде жасалмайтын болса, онда жұмыс жүрмейді.  

Қазір Ақмола облысында ауылдық жерлердің өзінде 1672 спорт нысаны бар. Олардың ішінде әсіресе осындай спорт алаңдары көптеп кездеседі. Бірақ олардың әрдайым толып тұрғанын көре бермейсің. Мәселен, мына алаңқай қазір бос тұр. Ал кешке қарай кезек болуы мүмкін. Кім біледі. Сондықтан сарапшылар халықты спортқа тартуда жүйе болуы керектігін айтады.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы