365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұр Отан» мен Жазушылар одағы меморандумға қол қойды

  • 167
  • UPD: 15:23, 09.10.2018

Ақын-жазушылар мен халық арасындағы байланыс беки түседі.      

Бүгін «Нұр Отан» партиясы мен «Қазақстан жазушылар одағы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл шара Елбасы жолдауында көрсетілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әрі қарай жалғастырып, насихаттауға арналды. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы ақын-жазушыларға, мәдениет және өнер саласының қайраткерлеріне қолдау көрсетіп келеді. Оларды ынталандыру мақсатында партия одақтың 4 жобасын қаржыландырмақ. Яғни қаламгер қауым үшін түрлі байқау ұйымдастырылады. Жазушылар одағымен бірігіп телебағдарлама іске қосылады. YouTube каналы ашылып, өңірлердегі кітапханаларда кездесулер өткізілетін болады. 

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- 4 нақты жоба меморандумда ұсынылып отыр. Партия тарапынан әдеби-мәдени байқауды бұрыннан өткізуді жоспарлап жүр едік. Енді осы жұмысқа бірге кірісейік. Бұл партияның жас ақын-жазушыларға деген қолдауы деп қарауға болады. Жоспарымыз бойынша бес номинация болмақ.

Хабар 24 телеарнасы