360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТМД пойыздарында 19 жолаушы билетсіз жүргендігі анықталды

  • 108
  • UPD: 16:05, 09.10.2018
ТМД пойыздарында 19 жолаушы билетсіз жүргендігі анықталды

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, «Билетсіз жүріс жоқ» акциясы жүргізілуде.

Осы кезеңде 13 жолаушылар пойызы тексерілді, олардың ішінде Қазақстан Республикасының 8 пойызы, 4 ТМД елдерінің және 1 «Сарыарқа компаниясы» ЖШС жекеменшік пойыздары бар. Тексерістің қорытындысы бойынша 19 жолаушы билетсіз жүргендігі анықталған, оның ішінде Қазақстанда 2 жолаушы және ТМД елдерінің пойыздарында 17 жолаушы. Сонымен қатар Қазақстан пойыздарында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багаждарын тасымалдау ережелерін бұзу анықталды.

Сонымен қатар 4-5 қазан аралығында Департамент қызметкерлері көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, Ақтөбе-Маңғышлақ бағыты бойынша жүретін пойызда рейд өткізіп, нәтижесінде вагондарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жағдайлардың қамтамасыз етілмегендігі және төсек төсеніштерінің пайдаланған мерзімін анықтау мүмкіндігі болмады. Сондай-ақ, жолаушылардың билеттерінде жеке басын куәландыратын мәліметтердің жоқтығы анықталды.

Хабар 24 телеарнасы