365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мамандар Жолдаудағы ұсыныстарды сараптауда

  • 105
  • UPD: 18:30, 09.10.2018

«Әлеуметтік жауапкершілік және қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту. Халыққа жақын мемлекеттік қызметкер. Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген бұл міндеттемелер жаңа мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларға негіз болмақ», – дейді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары.

Қазіргі уақытта мамандар ұсыныстарды сараптауды қолға алды. Жұмыс барысында олар жастар саясаты мен жас мамандарды даярлау базасын құру мәселесін де зерттемек.

Ирина Черных, ҚР Президенті жанындағы ҚЗСИ бас ғылыми қызметкері:

– Мемлекет басшысының білім беруді дамыту мәселесі бойынша айтқан пікірлері көкейге қонымды. Сапалы мамандарды даярлау – түлектердің еңбекпен қамтылуының басты факторы. Білікті маман ғана еңбек нарығында сұранысқа ие. Елбасының осы тапсырмасы бойынша сараптама жасап, басымдықтардың орындалуына күш салатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы