366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттік тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамту үшін 5,5 млрд теңге қаржы бөлінді

  • 112
  • UPD: 17:10, 09.10.2018
Шымкенттік тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамту үшін 5,5 млрд теңге қаржы бөлінді

Биыл Шымкентте қала тұрғындарын амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 5,5 млрд теңге қаржы бөлінген.

Оған 369 түрлі препараттар сатып алыныпты. Мамандардың айтуынша, осы дәрі қоры жыл соңына дейін жетеді. Қалалық денсаулық сақтау баскармасы 2 млрд 741 млн теңге болатын 370 мың дәрі-дәрмек тегін таратылғанын мәлімдеді. «Қазіргі қолда бар дәрі қоры аса ауыр дертке шалдыққан науқастарға да жыл соңына дейін толық жетеді», – дейді дәрігерлер.

Гаухар Әбенова, қалалық денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

– Дәрі жеткілікті. Бірақ жыл бойы жазылған науқас қайта ауыруы немесе есепте тұрған науқасты емдеу жүйесі өзгеруі мүмкін. Сол кезде қажетті дәрі-дәрмек көлемі азайып немесе көбейеді. Мұндай кезде біз дистрибьютормен келісіп, бұл мәселені шешуге тырысамыз. Қосымша өтініш береміз немесе өзге ұйымдардан дәрі алмасамыз.

Хабар 24 телеарнасы