366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдаудағы әлеуметтік бастамалар халық назарында

  • 97
  • UPD: 23:39, 09.10.2018
Жолдаудағы әлеуметтік бастамалар халық назарында

Елбасы биылғы Жолдауында білім беру саласына қатысты біраз мәселені қамтыды. Халық ағарту ісін жетілдіру жолындағы бұл бастамаларды қуана қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар24».

БЛИЦ:

– Мұғалім мәртебесіне арнайы назар аударылғаны мені қуанышқа бөледі. Себебі мұғалім мәртебесін көтеретін уақыт жетті деп ойлаймын. Бұрын дағдарыс дедік, қиын уақыт дедік. Енді оның бәрі артта қалды. Қазір Қазақстан дамып жатыр. Енді қоғамдағы ір мамандықтың өзінің жоғары мәртебесін алатын уақыты жетті деп ойлаймын. Балабақша туралы да жақсы айтылды. Негізі Елбасының айтуы дұрыс, қажетті білімнің бәрі алты жасқа дейін беріліп болады деген.

– Қазір қанша жастар жүр, дипломы бар, бірақ сол диплом бойынша жұмыс істемейді, кейбірі жұмыссыз. Адамның өзіне байланысты деп ойлаймын. Жолдаудағы басымдықтар маған ұнады.

– Болашағымыздың дамуына үлес қосатын жастар болғандықтан, оларға жағдай дұрыс жасалу керек.

 

Хабар 24 телеарнасы