366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мектептерді бейнекамералармен жабдықтау ісі оңтүстік өңірлерде ақсап тұр

  • 161
  • UPD: 21:14, 09.10.2018

Елбасы осы жолғы Жолдауында білім саласындағы реформаларға да тоқтау салынатынын айтқан еді, деп хабарлайды «Хабар24».

Енді еліміздегі барлық білім ошақтары Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі әдістеме бойынша дәріс беретін болады. Президент құжатта балалардың қауіпсіздігіне жеке тоқталған. Бүгінгі Үкімет отырысында осы мәселе де қызу талқыланды. Еліміздің Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева алдағы 3 жылда Қазақстандағы орта мектептер мен бөбекжайлар толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталатынын айтты. Ол үшін ел қазынасынан қажетті қаражат бөлінеді. Қазір еліміздегі білім беру мекемелерінің 80 проценті тың құрылғымен жабдықталған. Ал балабақшалардың 58 процентінде бейнебақылау камералары бар. 

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

– Қауіпсіздік пен білім сапасы бәрінен де маңызды. Республика бойынша бейнекамералармен қамтамасыз етуде Атырау облысы көш бастап тұр. Павлодар, СҚО, Қарағанды облыстары да алдыңғы қатарда. Керісінше, ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысына тиесілі. Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында да бейнекамералармен жабдықталған мектептер өте аз. Министрлік өңірлерге үш жыл уақыт берді және жабдықтау жұмыстары бойынша әкімдіктер тікелей жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы