366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысы бойынша «7-20-25» бағдарламасымен 121 пәтер сатылған

  • 163
  • UPD: 21:24, 09.10.2018

«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы елімізде Маңғыстау өңірінен кейінгі екінші орында келеді, деп хабарлайды «Хабар24».

Аймақта бүгінге дейін 121 пәтерге несие берілген. Бөлінген қаражаттың сомасы 1 млрд теңгеден асады.

Жас маман, жалғызбасты ана Марина Столярова қалада жаңадан салынған үйден 2 бөлмелі пәтер сатып алған. Сол себепті қазір жиһаздарын әкеліп, әрлеу жұмыстарын жүргізуде. Ал Марина «7-20-25» бағдарламасы жайлы әріптестерінен естіпті. Жалпы аймақта аталған жобаның игілігін көріп жатқан жандардың 80 проценті – мемлекеттік қызметкерлер.

Марина Столярова, қала тұрғыны:

– Жөндеуді қазан айының соңына дейін аяқтап, қызымыз екеуміз көшіп келеміз. Бұрын жер үйде тұрдық. Ипотеканы өмірімде алғаш рет алып отырмын. Айына 47 мың теңге төлеп отырамын.

Екінші деңгейлі банктерге бүгінде аталған бағдарламаға қызығушылық танытып келіп жатқандар көп. Мәселен, қазір бір ғана банктің өзінде 90-нан астам өтініш қаралып жатыр. Ал Көкшетауда пәтерлердің бағасы 8-12 млн теңге аралығында.

Аида Әлкібаева, оператор банк филиалы директорының міндетін атқарушы:

– Бүгінге дейін біздің банк 100-ден астам өтінішті мақұлдап, 1 млрд теңгеден астам несие бөлді. Бағдарламаның шарттары тұрғындарға өте ыңғайлы. Сондықтан әрбір қазақстандықтың баспаналы болуына мүмкіндік мол.

«7-20-25» бағдарламасының ең бір ерекше тұсы, алғашқы жарна небәрі – 20 пайыз. Сондықтан халық та қазір соған қызығып, пәтер алып қалуды ойлайды.

Дамир Берікұлы, damir130788@twitter.com

– Банк қызметкерлерінің айтуынша, аталған бағдарлама бойынша пәтер алғысы келетіндердің арасында ауыл тұрғындары да көбейген. Олар әзірге тек қаладан ғана пәтер сатып ала алады. Сондықтан алдағы уақытта ауыл халқының сұранысы бойынша аудан орталықтарында да тұрғын үй құрылысы жанданады деген сенім мол.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы