366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда өткен сейсмикалық жаттығуға 213 мың тұрғын қатысты

  • 165
  • UPD: 22:55, 09.10.2018

Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өтті, деп хабарлайды «Хабар24».

Жер сілкінісі кезінде қиранды астында қалған адамдар құтқарылып, тұтанған өрт ошағы сөндірілді. Ауқымды шараға қаланың 213 мың тұрғыны қатысты.

Дабыл соғысымен 1300 оқушы дереу далаға шығарылды. Жылдам санақ жүргізіліп, автобуспен қауіпсіз аймаққа жөнелтілді. 

Аршын Кемелжан, тілші:

– Шартты түрдегі жер сілкінісі кезінде қиранды астында қалып қойған адамды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай, құтқарушылар алдымен зардап шеккен адамның қай жерде орналасқанын анықтады. Одан кейін кедергі келтіретін газ және су құбырларын бұғаттады. Дәл қазір құтқарушылар зардап шеккен адамды қиранды астынан алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізеді.

Алматыдағы №27 мектеп-гимназиясы осы жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға бір айдан аса дайындалыпты. Оқушылар төтенше жағдай кезіндегі шұғыл әрекет пен алғашқы көмекті жиі пысықтап отыратындарын айтады.

Ауқымды шараға 40-тан аса арнайы техника мен 200-дей жеке құрам жұмылдырылды. Мектеп жанындағы алаңда төтенше жағдай қызметінің заманауи техникасы көрсетіліп, жер сілкінісі кезінде құтқару жұмыстарының қалай жүргізілетіні түсіндірілді. Айта кетейік, жалпықалалық сейсмикалық жаттығу қала бойынша 200-ден аса нысанда өтті. 

Сандуғаш Баймұхамбетова, қалалық ТЖД ресми өкілі:

– Алматы қаласының сайтында 217 эвакуация пункті, көрсетілген.

Мұндай жаттығу білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде тоқсан сайын өткізіп тұрады. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыда жаңа жылға дейін қауіпті жер сілкінісі болмайды.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы