366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық қоғам белсенділері Елбасы Жолдауын талқылады

  • 153
  • UPD: 22:56, 09.10.2018

2019 жылдың қаңтарынан бастап Қарағанды облысындағы 32 мың тұрғынның жалақысы бір жарым есеге өседі, деп хабарлайды «Хабар24».

Оның 25 мыңы – бюджеттік сала қызметкерлері. Бұл бағытқа 2 млрд теңге бөлінеді. Осы мәселе және аймақта жүзеге асатын бизнес жобалар мен әлеуметтік бағыттағы жоспарлар облыс әкімінің активінде айтылды. Жиын барысында қоғам белсенділері Елбасының халыққа Жолдауын кеңінен талқылады.

Қарағандыда шығатын болат сымдары тау-металургиялық кешен, құрылыс пен теміржолдарда кеңінен қолданылады. Зауыттың басты тапсырыс берушілері – отандық кәсіпорындар. Дегенмен аталмыш зауыт жылына өндіретін өнімнің 15 пайызын, яғни 20 мың тоннаны Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстанға жөнелтеді. Ірі өнеркәсіп келер жылдары кеңейіп, өнім көлемін арттыруды көздеп отыр.  

Дмитрий Малахов, болат сымдарын  өндіру зауытының директоры:

– Жол картасы бағдарламасының 2025 жылға дейін созылатыны бізді қуантты, бұл біздің кәсіпорынға серпін береді. Тұрақты жұмыс жасауымызға мүмкіндік беріп, алдағы жылдарға жоспарларымызды ұлғайтады.

Жалпы аймақта соңғы 8 жылда «Бизнестің жол картасын» қаржыландыруға 17 млрд теңге бөлінген. Бір жарым мың кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Бюджет кірісіне 24 млрд теңге салық төленді. Сонымен қатар 20 мың жұмыс орны ашылып, 168 млрд теңге инвестиция құйылды.

Ерлан Қошанов, облыс әкімі:

– Қатардағы қазақстандықтың ой арманы не? «Тұрмысым жақсарып, тапқан табысым арта берсе» деп ойлайды. Осының барлығы Жолдауда айқын көрініс тауып отыр.

Қарағандыда ірі көтерме-үлестіру орталығы салынып жатыр. Бұл нысан тұрғындар мен кәсіпкерлер арасындағы алғашқы платформаға айналмақ. Аталмыш алаң онлайн режимде жұмыс жасайды. Бұл жоба өндірушілер мен сатушылар арасындағы делдалдық әрекет жасаушыларға жол бермей, бағаның бірқалыпты болуына мүмкіндік береді.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Асет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы