360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дінтанушы: Өз дәстүріне берік жан жат ағымға ермейді

  • 384
  • UPD: 10:33, 10.10.2018

Дін көшбасшылары қауіпсіз әлемді қолдайды. Астанада басталатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІ съезі осы тақырыпқа арналмақ.

Үш жылда бір рет өтіп тұратын алқалы жиынның әлемдегі геосаяси мәселелерді шешудегі әсері, Қазақстанның тұрақтылық тәжірибесі туралы айтып өтсек.

Дінаралық диалогтың бірегей алаңына айналған дәстүрлі жиынға Қазақстанның бастамашы болуы да жәйдан жай емес. Діннен бөлек, зайырлы мемлекет бола тұра, әлемдегі діни қақтығыстарды бейбіт шешуге мұрындық болуы Қазақстанның бейбітшіл саясатының нақты көрінісі.

Жалғас Сандыбаев, ф.ғ.к., дінтанушы:

- Бейбітшіл тұрақты осынша этностық, осынша дінаралық ұлтаралық қатынас бола тұра, бейбіт ғұмыр кешіп жатырған мемлекет екенімізді біз мақтан тұтамыз. Сирияаралық келісімді Астанада өтуі де тегін емес. Үшінші себебі әлемде кезкелген дінаралық болсын, ұлтаралық болсын шиеленістерді бейтіт түрде шешу және шақыру платформасы Қазақстан ретінде таныса екен деген.

Ғаламдану үдерісінде әлемдік проблемалардың елімізді айналып өтпейтіні белгілі. Діннің позитивті мүмкіндіктерін қақтығыстардың алдын алу үшін тиімді қолдану керек, - дейді дінтанушы мамандар. Бұл ретте әлем діндері көшбасшыларының басын қосатын алқалы жиынның берері мол.

Қайрат Айтбекұлы, «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті, дінтану кафедрасының профессоры:

- египеттегі  қақтығыстарды реттеуде осы дін көшбасшыларының ролі өте зор болды. Қазіргі кезде сол шиеленістердің бәсеңсіп тұрғандығын көреміз. Бұл да сол елдердегі діни қайраткерлердің дін көшбасшыларының еңбегі. Сондықтан біз олардың бай тәжірибесін, мол тәжірибесін өзіміздің қоғамымыздағы діни қатынастарды реттеуде жетілдіруде қолдана білуіміз керек деп ойлаймын.

Қоғамда кездесіп жатқан қақтығыстардың астарында діни қайшылықтардың жатқаны жасырын емес. Жат діннің жетегінде кетіп, ел ішінде іріткі тудырғысы келетін жандарды дұрыс жолға салудың негізі дәстүрде жатыр. 

Жалғас Сандыбаев, ф.ғ.к., дінтанушы:

- Жастардың теріс ағымға кетуі, дәстүрге қарсы шығуы, кішінің дінге қатысты үлкенге қарсы шығуы, бір дастарханның басында отырмау деген нәрселер Түркия мемлекетінде байқалмады. Ол нәсе жоқ деп айта аламыз. Себебі олар өздерінің дәстүріне мықты екен. Әрбір азаматымыз дәстүр мен дінмен үйлесім тапқандығын білсе, көзі жетсе  әрине олар шапан жамылып келген псевдошейхтардан аман болар еді.

Қазақстанда қазіргі таңда 18 конфессияның мүдделерін білдіретін үш жарым мыңнан астам діни субъекті тіркелген. Өткен жылы елімізде «Дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасы» бекітілді. Уақыт сынына жауап беретін құжат бойынша мемлекетіміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы