366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Буддист: Мен өлімнен қорықпаймын

  • 88
  • UPD: 10:35, 10.10.2018

Елордада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер съезі дүниежүзілік өзекті тақырыптардың талқылау алаңына айналған.

Маңызды жиынға қатысушылардың бірі «Будда» діни ұйымының өкілінің пікірі осындай. Буддистер бейбітшілік пен мейірімділік философиясын ұстанады.

Будда тақуасы Янг Ки Хунның әрбір күні медитациядан басталады. Кореяда дүниеге келгенімен, өмірінің жартысын туған жерінен шалғайда өткізген. Тоқсаныншы жылдары ТМД елдеріне корей азаматтарына қолдау білдіру үшін арнайы келген. Талай жылдар бойы жетекшілік еткен ұйым бүгінде барлық Орталық Азия елдерінің басын қосады.

Янг Ки Хун, Орталық Азиядағы корей буддистік ұйымының өкілі:

- Будда дінінің басты ерекшелігі – ол ең алдымен адамның рухани дүниесін қалыптастырады. Мен өлімнен қорықпаймын. Тіпті ауру-сырқаудан да қорықпаймын, себебі мен емес, менің денем зардап шегеді. Қазіргі кезде адамдардың көпшілігі үрей және күйзеліс жағдайында өмір сүреді. Мұның барлығы байлыққа деген құштарлықтан пайда болады. Бірақ бұл жол ешкімді бақытты етпейді.

Бақытты өмір кешудің бір ғана жолы жан-дүние тыныштығын сақтап ғана қоймай, рухани дамуға талпыну екен. Дәл осындай бейбітшілік пен мейірімділік философиясын шамамен 500 миллион адам ұстанады. 

Янг Ки Хун, Орталық Азиядағы корей буддистік ұйымының өкілі:

- Мемлекеттер арасындағы кез-келген келіспеушіліктер бұл тек қана саясат. Ал Қазақстан және ел президентінің дін жолындағы ұстанымын қолдаймын. Енді осы жолғы жиында өзекті мәселелерді талқылайтын боламыз.

Талай жерлестеріне қол ұшын созып жүрген корей азаматы бүгінгі форумға да белсене қатыспақ. Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында атаулы тақырып та оның өмірлік ұстанымымен сай келеді. 

Авторлары: Индира Тегжанова, Ғани Алшынбаев

Хабар 24 телеарнасы