366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі басталады

  • 102
  • UPD: 10:39, 10.10.2018

Аздаған уақыттан соң Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 6-съезі басталады. Алғашқы күннің бағдарламасы қандай?

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген меймандар не жайында пікір алмасады?

Нұршапағат Несіпбаев, тілші:

- Бүгінге жоспарланған алқалы жиындардың алғашқысы шамамен жарты сағаттан соң басталады. Діни көшбасшылар кеңесі осымен 3-мәрте жиналып, өзекті сұрақтарды талқылайды. Бұл жиын жабық есік форматында өтеді. Оған тек кеңес мүшелерінің ғана қатысуға мүмкіндігі бар. Сондықтан оның қорытындысы жайлы жаңалықтарымыздың келесі топтамаларында хабарлаймыз. Ал сағат 11-де әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдері қатысатын пленарлық отырыс басталады деп жоспарланып отыр. Тақырыбы «Діни лидерлер қауіпсіз әлемді қолдайды». Дәстүр бойынша қатысушылар бүнгінгі әлемдегі діннің рөлі және адамзат құндылықтары жайлы өз ойларын ашық айтып, өзара пікір алмасады. Сондай-ақ, халықаралық діни даулардың себептері де талқыланады. Бүгін, пленарлық отырыстан бөлек бейбітшілік және келісім мұражайының ашылуы және секциялық отырыстар жоспарланған. Олар жайлы сағат 11-де тағы да баяндаймыз. Сөз тізгінін өзіңізге беремін.

Хабар 24 телеарнасы