365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да астық тиеуге вагон жетіспей жатыр

  • 94
  • UPD: 12:24, 10.10.2018

Солтүстік Қазақстан облысында егін ору науқанында вагондар жетіспейді. Бұл жылдан жылға қайталанып келе жатқан мәселе. 

Диқандар қауымы элеваторларға тапсырған астығын темір жол арқылы тасымалдай алмай қиналады. Әсіресе Орта Азия елдеріне ұн мен бидайды экспорттайтын тауар өндірушілердің жағдайы нашар. Олар алдын ала тапсырыс берген вагонды айлап күтіп, шығынға батады. Қазір облыстағы элеваторларда 1 мың тоннадай егін сақталған.  Бұл жалпы көлемнің 28 проценті. Қамбаға 4 млн 800 мың тоннадан астам астық құйылды.

Иса Аллахяров, ұн тарту комбинатының бас директоры:

- Мен өткен айдың 9-ы тапсырыс берген вагон 15 күннен кейін келді. Оның өзінде 12 ғана вагон арттық. Қалғаны әлі жоқ. Жолдың ақшасы төленген. Екі ортада сатып алушыны күттіріп қойдық.

Хабар 24 телеарнасы