366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады

  • 90
  • UPD: 10:12, 10.10.2018
Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады

Қазақстан мен Сербия арасында тіркелей рейстер үшін құқықтық база орнатылды.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.

«Сербия Республикасының президенті Александр Вучичтің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында сәйкес меморандумға қол қою арқылы екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасы үшін құқықтық база құрылды. Тараптардың әуе компанияларына Астана мен Белград арасында аптасына 7 рет рейс жасауға рұқсат етілді», - делінген хабарламада.

Әуе көлігі саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Сербия Республиасының құрылыс, көлік және инфрақұрылымдар министрі - премьер-министрдің орынбасары Зоран Михайлович қол қойды.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті жаңа рейстерді ашуға жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы