360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 11 қазан күні Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтеді

  • 192
  • UPD: 13:00, 10.10.2018
<span class=favorites>Алматыда 11 қазан күні Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтеді</span> egemen.kz

Шерхан Мұртазаны 11 қазанда ақтық сапарға шығарып салады, деп жазды Қазақпарат.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Шерхан Мұртазаның жаназасы өтетін орынды хабарлады.

«Шерхан Мұратазаны 11 қазан күні сағат 10.00-де М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрынан ақтық сапарға шығарып салады. Жазушы Кеңсай зиратына жерленеді. Қоштасу рәсімін өзі туып-өскен Жамбыл облысы мен Алматы қаласының әкімдіктері, Жазушылар одағы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бірге ұйымдастырады», - деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі кеше шамамен 18:30-да Алматы қаласындағы үйінде ауыр науқастан қайтыс болды. Жазушы қыркүйек айында 86 жасқа толған еді.

Хабар 24 телеарнасы