365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде құрылыс қызметтері қымбаттады

  • 97
  • UPD: 11:38, 10.10.2018

Жыл басынан бері тұрғын үйдің бір шаршы метрі 1,8 пайызға қымбаттап, 264 788 теңгеге жетті.

Ал жабдықталған үйді қайта сату бағасы 1% пайызға, жабдықталмағаны 2,1% артқан. Бұған құрылыс саласындағы бағалар индексінің 3,6 пайызға артуы себеп. Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, құрылыс монтаждау жұмыстары 104,1 пайызға қымбаттады.

Қазақстанда қараша айынан бастап, бензин экспортталады. Бұл туралы Ал Оңтүстік Корея Қазақстаннан шикі мұнайды импорттауды жетілдірмек. Бұған сеулдіктердің АҚШ-тың Ираннан бұл отын түрін алып, саудаламау туралы үндеуін қолдауы себеп. Мамандар қазақстандық мұнайдың сапасы мен оның бағасы тасымалды арттыруға оң ықпал етуі керек дейді. Қазір бұл көрсеткіш, әзірге, 35 млн баррелді құрап отыр.  Бұл импортталатын мұнайдың 5 пайызы.

- Негізі Корея мен Иранның мұнай сату, сатып алу бойынша байланысы қандай деңгейде еді?

- Шілде айында ғана кәрістер Ираннан тәулігіне 94 мың баррель мұнай алып отырған еді. Ал тамыз айында бұл көрсеткіш нольге теңесті. Жалпы Корея мұнай импорттау жөнінен әлемде бесінші сапта тұр.

Биыл елімізде 20 млн тонна астық жиналады. Қазірдің өзінде диқандар жиналуы тиіс алқаптың 60 пайызын игеріп, 12 млн тонна астық бастырылғанын айтып отыр. Өткен жылы осы уақытта 12,6 млн гектар игерілген болатын. Биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл көрсеткіш 1,4 есеге төмен. Өңірлерге дизель отыны нарықтық бағадан 14%-ға арзан жеткізілген. Ал егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникасының 96 %-ы қатысуда. Бүгінде шаруаларда 14 мыңнан аса өнімділігі жоғары егін жинайтын комбайндар бар, олармен дәнді дақылдар алаңының 70%-дан астамын жинауға болады. Бұдан басқа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 13,1 млн тонна астық сақтауға арналған сыйымдылықтар бар. Осылайша астық сақтау сыйымдылықтарының жалпы көлемі 26,7 млн тоннаны құрайды. Ал министрлікте келесі егіс науқанына дайындық жұмыстары басталып кетті.

Елімізде бірінші жартыжылдықта туристер қатары артқан. Жіктер болсақ, шетелге баратын қазақстандықтар 7,1 пайызға көбейіп, 5 млн адамға жетті. Ал 4,2 млн шетелдік азамат Қазақстанның тұмса табиғатын көріп, мәдениетімен танысуға ниет білдіріпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артық көрсеткіш. Еліміздегі қонақүйлер мен мейманханаларда 2,3 млн адамға қызмет көрсетілген. Бұл да шамамен 5 пайызға артық. Дегенмен, нақты қызмет түрлері 0,1 пайызға азайған көрінеді. Жалпы елімізде туристерді қабылдауға дайын 3 мыңнан аса қонақүй бар.

- Елімізге туристердің көптеп келгені қуантады. Бұл әлеуетіміздің артқанын білдіреді. Десе де туристердің үлесінен қоржынымыз толығып жатыр деуге негіз бар ма?

- Мысалы, өткен жылы ғана шетелдік қонақтар елімізге 1,78 млн доллар қалдырған екен. Бұл жағынан 143 мемлекет іріктеліп алынған арнайы рейтингте біз бар-жоғы 78 орынға тұрақтадық. Бірінші орында АҚШ, мұнда 210 млн доллардан асса, 34 орынға шыққан Ресейде шамамен 9 млн доллар түскен.

АҚШ-тан шыққан Уильям Нордхаус пен Пол Ромер 2018 жылғы экономика саласы бойынша беріліп отырған Нобель сыйлығының иегері атанды. Нарық.кз сайтының хабарлауынша, биыл сыйлық елуінші рет табысталып отыр.  Ал ғалымдардың Нобель сыйлығына лайық деп танылған еңбектері климаттық өзгерістердің әсерін зерттеуге арналған экономикалық модульдер мен әдістерге бағытталған. Нобель комитетінің мәліметінше, аталған еңбек жаһандық экономиканың тұрақты дамуына жол ашады.

Хабар 24 телеарнасы