360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

  • 89
  • UPD: 10:53, 10.10.2018
Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстігінде жаңбыр жауып, тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің кей жерлерінде тұман болып, жел тұруы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының жеке ауданында 15-20 м/с жел күтіледі. Түркістан облысында, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында түнде және таңертең, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.

Маңғыстау облысында, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қауіптілігі сақталады.

Түркістан облысының кей жерлерінде түнде 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы