366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елімізде 7,8 млн тоннадан астам астық тиелді

  • 94
  • UPD: 11:04, 10.10.2018
Биыл елімізде 7,8 млн тоннадан астам астық тиелді

Қазақстан Темір Жолы ұлттық компаниясы жүзеге асыратын маңызды бағыттардың бірі астық тасымалы.

Статистикалық деректер бойынша ағымдағы жылдың басынан бері 7,8 млн тоннадан астам астық тиелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 43 пайызға артық.

Сондай-ақ экспортқа 6 млн тоннаға жуық өнім жіберілді. Дәстүр бойынша астықтың басым бөлігі Орталық Азия елдеріне, Иран және Ауғанстанға жолданған. 10 пайызы көршілес Ресейге, 7 пайызы  Қытай Халық Республикасына жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы