365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғыздар зат тасымалдауға еліміздің «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолын пайдаланады

  • 71
  • UPD: 11:42, 10.10.2018

Алатаудың арғы жағындағы айыр қалпақты ағайындар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі арқылы өздерінде өндірілген тауарларды Қазақстан нарығымен қатар өзге де алыс-жақын шет елдерге шығаруға ниетті.

Бұл мәселелер Алматы және Ыстықкөл облыстарының кәсіпкерлері бас қосқан Талдықорғандағы бизнес-форумда кеңінен талқыланды. «Қазақ-қырғыз қарым-қатынасын жаңа биіктерге көтеру - біздің ең басты міндеттеріміздің бірі. Өйткені, Президенттеріміз екі елдің сауда айналымын бір миллиард долларға жеткізу жөнінде мақсат қойды. Мұндай келелі кеңестер бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, сауда-саттық саласындағы кедергілерді жоюға, сол арқылы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді», - дейді көршілес Қырғызстан Республикасы делегациясының өкілдері.

Ақылбек Осмоналиев, Қырғызстан Республикасы Үкіметінің Ыстықкөл облысындағы өкілетті өкілі:

- Бізге толчок бергені біздің өзіміздің мемлекет басшыларымыз. Бізде потенциал әбден чоң. Басқа жаққа экспортировать еткеннен көрі сіздерге экспорттағымыз келеді. Сіздерде «Қорғас» бар. Сіздер арқылы біз де басқа жаққа шықсақ болады. Бүгінгі жолығысуымыз тарихи жолығысу. Мұны дамытуымыз керек. Біз тәжірибе алысуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы