366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде А.Вучичке сөз берілді

  • 79
  • UPD: 12:55, 10.10.2018

Бейбітшілік және келісім сарайында санаулы сәттен соң әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары сьезінің негізгі жиыны – пленарлық отырыс басталады.

Нұршапағат Несіпбаев, тілші:

- Бүгінгі күнге жоспарланған негізгі шара – пленарлық отырыстың алғашқы бөлімі аяқталды. Алқалы жиынды Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Елбасы өз сөзінде әлем елдерін алаңдатып отырған бірқатар мәселені қозғады. Мәселен, қазір 190 миллион адам екі қолға бір күрек таппай жүрсе, 750 миллионнан астам азамат мүлдем әріп танымайды екен. Ал әлем халқының 14 пайызы ашқұрсақ болса, діни негізде туындаған қақтығыстардың салдарынан 65 миллионға жуық адам босқынға айналған. Нұрсұлтан Назарбаев бұл қорқынышты статистиканы айтып қана қоймай, радикалимзге қарсы иммунитетті де атады. Бұл ғылым және білімді дамыту. Әсіресе, діни білім беру мәселесіне баса назар аудару.

Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін Сербия президенті Александр Вучич сөз алды. Ол да  діннің қазіргі әлемдегі рөліне тоқталып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығын атап өтті. Жалпы жиында әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері баяндама жасап, халықаралық кикілжіңдерді шешудің жолдарын ұсынып жатыр. Отырыс әлі аяқталған жоқ. Түстен кейін жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы