366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘМСҚ жыл басынан бері астаналық клиникаларға 62,1 млрд теңге төленді

  • 65
  • UPD: 13:03, 10.10.2018
ӘМСҚ жыл басынан бері астаналық клиникаларға 62,1 млрд теңге төленді Baq.kz

Жыл басынан бері Астана қаласы бойынша ӘМСҚ филиалы медициналық мекемелерге тұрғындарға көрсеткен қызметтері үшін 62,1 млрд теңге төледі.

Бұл сома кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде қызмет көрсету туралы жалпы құны 86,6 млрд теңгеге бекітілген келісімшарттар сомасының шамамен 72%-ін құрайды.

Қазіргі таңда қалалық филиалдың медициналық қызметтерді жеткізушілер тізімінде 82 мекеме бар, олармен стационарлық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультативті-диагностикалық көмек, жедел жәрдем, жоғары технологиялық медициналық қызметтер және тағы басқа қызмет түрлері бойынша 115 келісімшарт бекітілген. Жеткізушілер тізіміндегі 46 медициналық ұйым - жекеменшік. Өткен жылмен салыстырғанда жекеменшік емханалардың саны тағы 10-ға артты. Ал үш жекеменшік медициналық ұйыммен келісімшарт бұзылды. Барлық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі. Астаналық жеткізушілердің толық тізімі қордың fms.kz сайтында орналасқан.

«ӘМСҚ» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Н.Кабдықапаровтың айтуынша, медициналық ұйымдарға ақы төлеу кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медициналық ұйымдардың операциялық шығындарын өтеуге, оның ішінде қызметкерлердің жалақысын төлеуге жеткілікті.

Естеріңізге сала кетсек, медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  пакеттері және үкімет белгілеген шеңберде тұрғындар үшін қызметтерді сатып алушы қаржы операторы болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы