365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматының кәсіподақ орталығында Жолдау талқыланды

  • 86
  • UPD: 13:57, 10.10.2018
Алматының кәсіподақ орталығында Жолдау талқыланды

Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттырады. Алматы қаласы кәсіподақтар орталығы осындай тақырыпта жиын өткізді.

Мақсаты -  сала-аралық одақ ұйымдарының Елбасының жолдауын халыққа түсіндіру. Биылғы жолдауда мемлекет басшысы үкіметке және жергілікті билік өкілдеріне қазақстандықтардың әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар міндеттерді жүктеді. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі, денсаулығы, білімі, баспана мәселелері кеңінен қамтылған.  Мұғалімдерден бастап, ауыл-аймақ тұрғындарына да, кәсіпкерлерге де қолайлы жағдай жасалады.  Сондай-ақ ең төменгі айлық көлемі бір жарым есеге көбейтіледі. Бұл қарапайым халықтың тұрмысын түзеуге көп қолдау, дейді кәсіподақ өкілдері.

Зәуреш Өмірбаева, қалалық кәсіподақ орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:

- Қазақстан Республикасының кәсіподақтар ұйымы елбасының жолдауын халық арасында түсіндіру үшін негізгі пікір алаңына айналуымыз қажет. Біз әр кезде азаматтық қоғамның тірегі боламыз. Стратегиялық бағыт біздің жұмыстың ең маңызды бөлігі болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы