366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

10 қазан - Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

  • 139
  • UPD: 15:41, 10.10.2018

Қазанның оны - Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні. 2015 жылдан бастап Қазақстанда  балалардың жүйке жүйесін қалыптастыруға байланысты пилоттық жоба жүзеге асты.

Қазір еліміздің үш өңірінде мектеп жанынан «қауіпсіздік командасы» құрылған. Ондағы мақсат - оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Ағымдағы жылы аталған жоба Павлодар облысында жүзеге асты. Психоневрологиялық диспансердің мамандары жасөспірімдер ортасында жүйке жүйесіндегі  ауытқушықтың себептерін зерттейді. Нәтижесінде суидцидке бейім 400 бала анықталған. 

Павлодарда ашылған бұл Дағдарыс орталығында тұрғындардың  психикалық денсаулығына қатысты мәліметтер тіркелген. Енді Психиаторлар мен психологтар соның негізінде тиісті дәрігерлік  көмектер  көрсете бастады.

Светлана Сталеревская, облыстық психоневрологиялық диспансердің дағдарыс орталығының меңгерушісі:

- Бағдарлама енгізілмей тұрғанда жүйке жүйесінде ауытқушылығы бар немесе  психиатордың көмегін  қажет ететін  балалар саны аз болатын.

Жүйке жүйесі  ауруларының алдын алуға  салауаты өмір салтын қолдау орталығы да  өз үлесін қосып отыр. Мамандар денсаулыққа салғырт қарауға болмайтынын   ескертеді.

Виктория Ефимова, облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары: 

- Психиатрға қаралу міндетті емес. Бастапқыда психолог немесе психотерапевтке жүгіну жеткілікті. Бүгінде тұрғындарға психиатриялық көмек өз деңгейінде көрсетіледі.

Мамандардың айтуынша, баланың жүйке денсаулығын  ерте бастан анықтауға болады.    

Ольга Тюменцова, балалардың психиатр-дәрігері:

- Егер бала  үш жасқа дейін дұрыс сөйлемесе,  атын білмесе,өзіне және  айналасындағыларға озбырлық танытса жүйке жүйесінде ауытқушылық бар деген сөз. Ондай жағдайда  баланы психологиялық денсаулық орталығына әкелу керек. 

Павлодардың салауатты өмір салтын қолдау орталығы жан дүниенің үндестігімен өмір сүруге кеңес береді.  

Авторлары: Қ.Қасиетова, С.Оспанов, А.Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы