365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада хакерлердің екі күндік марафоны басталады

  • 293
  • UPD: 16:03, 10.10.2018
Астанада хакерлердің екі күндік марафоны басталады

13-14 қазан күндері «Market Tech» тақырыбында хакатон өтеді.

Қатысушылар сауда және кәсіпкерлік саласында инновациялық шешімдер әзірлейді. Шараны Астана қаласы әкімдігі мен «Astana Innovations» АҚ бірлесіп өткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Кәсіпкерлік - экономиканың ең басты қозғаушы күші. Сол себепті де маңызды сұрақтарға жауап табу өте қажет. Қала әкімдігі кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және қазақстандық бизнесті дамыту үшін барын салды», - деді Басқарма төрағасы Олжас Сартаев.

Іс-шара Astana Innovations Challenge аясында өтуде, Астананың стартап-экожүйенің дамытуға бағытталған және мемлекет пен стартап, бизнес қауымдастық арасында өзара түсіністікті дамыту. Бұл фестиваль жаһандық Techstars Startup Week Qazaqstan стартап-апталығының бір бөлігі болмақ.

Сонымен қатар шарада Kolesa.kz, Krisha.kz, Мarket.kz және тағы басқа компаниялардың қатысуы көзделуде.

Хакатон - әзірлеушілердің екі күндік форумы, бағдарламашылар белгілі бір проблемалардың шешімін табуға бірлесіп жұмыс істейді. Мұндай формат компания және инвесторлар тарапынан жаңа технологиялық бағдарламаларды жасау немесе инвестиция құюға тиімді. Осы тектес форматтағы конкурстар 2000 жылдан бастап әлем бойынша өтуде.

Қатысушылар 48 сағат ішінде сауда және кәсіпкерлік саласында инновациялық шешімдер әзірлейді және өзінің жобалары үшін статистикалық мәліметтер ала алады. Байқау аяғында үш жеңімпаз анықталады.

грант рәсімдеуге өтінімдерді беруге қолдау;

жобаны қаржыландыруға дейін сүйемелдеу;

тегін бағалау, инвестиция тартуға жәрдемдесу.

Тіркелу және толық ақпаратты http://astanaic.kz/ ресми сайтынанала аласыздар.

Өтетін орын: «Бәйтерек» БО, Мәңгілік Ел, 55

Хабар 24 телеарнасы