366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы қорытындыланды

  • 139
  • UPD: 23:39, 10.10.2018

Еліміздің 11 облысын аралап, 17 мың шақырым жолды артта тастаған саяхатшылар қазақ туризм басшылығымен еркін форматта бас қосып, пікір алмасты, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Экспедиция құрамында саяхатшылар, журналистер, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер болған. Жалпы экспедиция 18 шілдеде басталып, 29 қыркүйекке дейін жалғасты. Осы аралықта олар 6 бағыт бойынша 6 туристік кластерді дамытатын 60-тан астам нысанды аралап, тарихымен танысты. Экспедицияның басты мақсаты – жаңа туристік бағыттарды ашып, ішкі туризм мен инфрақұрылымды дамыту.

Рашид Күзембаев, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы:

- Экспедицияның тағы бір мақсаты – фото және видеобанк жасау. Осы айдың ортасында біз Kazakhstan travel деген өзіміздің ұлттық порталды ашатын боламыз. Ол қазір реновация жасалды. Соған да біз осы фото және видеоматериалдарды пайдаланатын боламыз. Әлеуметтік желіден бізге сондай қажетті видеоматериалдарды пайдаланатын боламыз.

Жұлдыз Рахмет, Across the Kazakh land бағдарламасының редакторы:

- Біздің елде шетелдік туристерді қабылдауға, жалпы өзімізге көретін көптеген тарихи локациялар бар. Мысалы, тарихи түрлі архитектура бар. Бірақ одан бөлек табиғат бізге барлығын берген. Мен Қазақстанда тұрып осындай жерлердің барын білмеппін. Экспедицияның арқасында көрдік, білдік.

Хабар 24 телеарнасы