365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экс-депутат сайлаушылары алдындағы есебін жариялады

  • 140
  • UPD: 23:39, 10.10.2018
Экс-депутат сайлаушылары алдындағы есебін жариялады

Бүгін V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Тұрсынбек Өмірзақов авторлық кітабының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Шығармаға Өмірзақовтың 65 депутаттық сауалы кірген. Онда қоғам қайраткері елдегі өзекті мәселелердің шешу жолын ұсынып, әлеуметтік түйіткілдерге қатысты көзқарасын кеңінен тарқатқан. Айтуынша, кітап жазу идеясы атқамінер қызметінде жүрген кезінде келген екен.

Тұрсынбек Өмірзақов, кітап авторы, экс-депутат:

- Бұл кітап – менің сайлаушыларым алдындағы есебім. Бұл кітап депутат болам деген кісілерге өте пайдалы. Депутат болғанда қалай жұмыс істеу керек? Депутаттың жұмысы қандай? Қазақстан Парламентарийі қандай болуы керек деген оймен жазылған.

Хабар 24 телеарнасы