360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Салық амнистиясына кімдер ілігеді?

  • 151
  • UPD: 20:27, 10.10.2018
Салық амнистиясына кімдер ілігеді?

Жаңа жылдан бастап салықтың негізгі сомасын төлеген азаматтар өсімпұл мен айыппұлдан босатылады.

Осылайша шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясы енгізіледі. Қазіргі таңда елімізде 70 мың кәсіпкердің салықтық қарызы бар екен. Жалпы сома 80,3 миллиард теңгені құрайды. Оның 60 миллиарды өсімпұл болса, 13 миллиарды айыппұлдар. Яғни 73 миллиард теңге амнистияға ілігеді.

Айта кетейік, ірі бизнесмендер, жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделетін тауар өндірушілері мен жалған кәсіпорындар салықтық қарыздан босатылмайды.

Хабар 24 телеарнасы