366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы әкімі: Жолдаудағы барлық бастамаларды іске асыруға бюджеттен 1,5 трлн теңге бөлінбек

  • 171
  • UPD: 23:35, 10.10.2018

Жолдауда жүктелген міндеттер Алматыда да кеңінен талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасының тілшісі.

Қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының жергілікті билік өкілдеріне берген тапсырмаларын орындаудың жай-жапсарын айтты.

Алдағы үш жылда Алматының келбеті өзгеріп, көркейе түседі. Шаһардағы қоғамдық қауіпсіздік, тұрғындарға жайлы жағдай жасау, аулаларды көгалдандыру сынды жұмыстар жүйелі жалғасын табады. 

«Елбасының халыққа жолдауында ерекше аталып өткен баспана, білім, денсаулық пен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты түйткілдер бірінші кезекте жүзеге асырылады», – деді қала басшысы. 

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

- Жолдаудағы барлық бастамаларды іске асыруға бюджеттен 1,5 трлн теңге бөлінбек. Бүгінгі көптеген елдердің эконмикасы тұрақсызданып, жұмыссыздық жайлап жатқан заманда бұл қомақты қаржыны халқымыздың игілігіне жұмсау Елбасының сындарлы әрі ұтымды экономикалық саясатының, ел бірлігінің арқасында мүмкіндік болып отыр.

Жаңа жылға дейін қаладағы ауруханалар мен емдеу мекемелері толығымен цифрлық жүйеге көшіріледі. Білім ошақтарының барлығына  бақылау камералары, сондай-ақ үш жылда 480 балабақша ғимараты бой көтереді.

Аягүл Миразова, ҚР Еңбек ері:

- Елбасының жолдауы ұстаздардың өзегін тесіп жүрген өзекті мәселелерді көтергеніне шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Ұстаздың беделі болмаса, еш уақытта іс алға баспайды. Ешқандай  алтын мұғалім өзінің бойындағы білімін оқушыға бере алмайды. Ол бедел. Ұстаздың беделін көтеруге арнайы заң шығарайын деп жатыр. 

Елбасы өз жолдауында ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруды тапсырды. Алдын ала есеп бойынша Алматыда 25 мың адамның жалақысы көбеймек. Сонымен қатар Елбасы тапсырмасына сәйкес еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа  жүйесі енгізіледі. Осы айдан бастап жаңа бастамаға да ауысады. Сөйтіп мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 2 есеге ұлғаяды. «Біз бұған қажетсіз шығындарды оңтайландырудың арқасында қол жеткіздік», – дейді қала басшысы Бауыржан Байбек.

Авторлары: Алмас Сәдауақас, Индира Оразалинова, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы