366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«7-20-25»: Атырауда 40-қа жуық адам пәтер алып үлгерді

  • 226
  • UPD: 23:35, 10.10.2018

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының арқасында Атырау облысындағы баспана мәселесі нақты шешімін таба бастады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасының тілшісі.

Себебі, соңғы екі жылдан бергі тұрғын үйлер құрылысының қарқыны рекордтық көрсеткішке жетті.

Бұл, әрине, баспана нарығындағы бағаның төмендеуіне де мүмкіндік береді деген жоспар бар.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда Атырау қаласында қырыққа жуық адам пәтер алып үлгерді. Соның бірі – Дана Орынбасарқызы. Баспана тауқыметін бір адамдай көрген Дана екі бөлмелі пәтердің кілтін қолына алып, қазіргі таңда өз ыңғайына қарай жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дана Нұралы, қала тұрғыны:

- Бұл мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы өте тиімді және қолайлы деп айта аламын. Өйткені банкке тапсырыс берген үш күннің ішінде маған рұқсат қағазы келді. Барлығы жылдам әрі тез және айтарлықтай қиындықтар туындады деп айта алмаймын. Көптен күткен пәтер. Сондықтан осы бағдарлама бойынша пәтер алғаныма өте қуаныштымын, пайызы да аса жоғары емес. Қазақстандықтарға тиімді деп ойлаймын.

Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі осындай. Осы бағдарлама аясында тек Атырауда биыл 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл – 3892 пәтер. Осы үйлердің 34-і жыл аяғына дейін қолданысқа берілетін болады. Оған қосымша 70 тоғыз қабатты тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Келер жылы осы үйлердің 50 тұрғындарға тапсырылады.   

Мәлік Аманов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

- Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында көрсетілген қазақстандықтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бойынша «7-20-25» бағдарламасы Атырау облысында да қарқынды жұмыс жасап жатыр. Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша банктерге 80 өтінім түсіп, оның 55-і мақұлданып, 38 адам нақты несиеленді, қаржысын қабылдады.   

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында қолға алынып жатқан жаңа үйлер құрылысы нарықтағы бағаға да әсер етері анық. Бұл пәтерлердің әр шаршы метрі 180 мың теңгеден айналады. Ал коммерциялық бағыттағы жеке компаниялар салған пәтер бағасы 370 мың теңге көлемінде. Яғни тұрғын үй нарығын реттеуге де мүмкіндік туып отыр. Қазір облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 53 мың адам тұр. Олардың 15 мыңы банктер талап ететін алғашқы жарнасын жинап қойған.   

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы