366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байқоңыр ғарыш айлағына жақын маңнан туристік ойын-сауық орталығы салынуы мүмкін

  • 146
  • UPD: 23:40, 10.10.2018

Жер кіндігі Байқоңырдың туристік тартымдылығы артып келед, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Ғарыш айлағына жыл басынан бері мыңнан астам саяхатшы ат басын бұрған. Отандық 7 туроператор бүгінде Қорқыт ата кесенесі мен ғарыш айлағына туристік бағыт ашып отыр. Байқоңырға әсіресе Германия, Бельгия, Голландия, Франция, Австрия, Ресей елдерінен келушілер көп. Ал кезекті «Союз ФГ» ғарыш кемесінің ұшырылымына үш жүздей турист келді. Айта кетсек, алдағы уақытта орбитааралық зымырандардың ұшырылымын айлаққа кірмей­-ақ тамашалауға болады. Қазірде онан 60-70 шақырым жерден туристік ойын-сауық орталығын салу жобасы қарастырылып жатыр.

Дінмұхаммед Сағатбекұлы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл үлкен жоба жеке инвестиция арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда инвестор іздеу бойынша «Қазақтуризм», туризм комитетімен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Бұл аймақта әлемдік талапқа сай келетін қонақжай, мейрамхана, аквапарк, ғарыш аттракциондары, биллиард, боулинг болады. Жоспарлы старт болмаған кезде, олар өздері ең жоғары қабатта планетарий болады. Планетарийді құрылғы арқылы қарай беруге болады.

Алекс Махр, турист:

- Қиялымдағы ұлы арманыма аяқ басып отырмын. Бала күнімнен ғарыш кемесін көруді армандайтынмын. Жалпы ғарыш саласы мені қатты қызықтырады. Байқоңырға алғаш келіп отырмын. Музейді аралап, бай тарихына қанықтым. Қаладай зымыранның мүсіндері көп екен. Бәрі ұнап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы