360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында кардиологиялық кластерді енгізу мәселесі оң шешімін тапты

  • 110
Жамбыл облысында кардиологиялық кластерді енгізу мәселесі оң шешімін тапты

Алдыңғы Жолдауда Елбасы айтқан кардиологиялық кластерді енгізу мәселесі Жамбыл облысында оң шешімін тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын жүрегі науқас жандар шетелге сабылып, ем қабылдауға мәжбүр болса, қазір өз өңірінде де күрделі отаның барлық түрін жасатып, емделе алады. Тек облыс қана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар келіп, ем қабылдауда. Ол үшін облыстық аурухананың құрамында және де жекеменшік ретінде екі кардиологиялық орталық ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. «Осы оң тәжірибелерді пайдалана отырып, жұмыс істесек, қатерлі ісікке шалдыққан талай науқастың жанына араша түсеріміз сөзсіз», - дейді облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Қайрат Жетібаев.

Қайрат Жетібаев, облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері:

– Онкология кластерін енгізу мәселесін Елбасы көтерген болатын. Келесі жылы күрделі оталар біздің облыстың деңгейінде де жасала беретін болады.

Хабар 24 телеарнасы