360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда оқырмандарға арналған клуб форматындағы дүкен ашылды

  • 127
Алматыда оқырмандарға арналған клуб форматындағы дүкен ашылды

Алматы қаласында оқырмандарға арналған клуб форматындағы дүкен ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда кез келген адам өзін қызықтыратын әдебиет немесе оқулық туралы мамандар кеңесін тыңдап, оның авторымен жүздесе алады. Кітап дүкенінде бұдан былай танымал жазушылармен жиі кездесулер ұйымдастырылмақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған клуб барлық жастағы оқырмандарға арналған. Яғни мұнда балалар әдебиетінен бастап, қазақтың салт-дәстүрі, тарихы, көркем әдебиет, «Цифрлық Қазақстан» туралы жинақтар мен танымдық оқулықтарды табуға болады.

Бүбіхан Шакиева, кітап баспасының маркетинг басқармасы басшысы:

– Балалар ата-анасымен келеді, отырады, жұмысын істейді,, оларға мүмкіндік жасау керек. Біз егер балаларды кітап оқуға мәжбүрлесек, балалар кітап оқымайды. Біз алдымен оның ата-анасын кітап оқуға тартуымыз керек. Одан кейін мектептегі мұғалімдермен жұмыс істеуіміз керек.

Аягүл Миразова, ҚР Еңбек ері:

– Осы жерде түрлі кездесулер, оқу іс-шаралары өткізіліп, балалар келіп жатса, оларға өздері қызықтырған кітаптары жайында айтып беріп, оқып беруге мүмкіндік туығызып отыр.

Хабар 24 телеарнасы