366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде 7 жарым мың адам қатерлі ісік бойынша есепте тұр

  • 142
  • UPD: 11:19, 11.10.2018
Семейде 7 жарым мың адам қатерлі ісік бойынша есепте тұр

9 айдың қорытындысына сәйкес, Семей өңірінде онкологиялық аурулар бойынша 7 жарым мың науқас есепте тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы мың адамнан обыр дертінің түрлері анықталған. Мамандар ауруды неғұрлым ерте анықтап, дер кезінде ем қолдануға күш салып жатыр. Соның нәтижесінде есептегі науқастардың жартысынан көбінің өмір сүру ұзақтығы артқан. Соңғы жылдары Семейдегі онкологиялық диспансер жалпы құны 5 миллиард теңге болатын жаңа құрал-жабдықтармен қамтылған. Дәрігерлер біліктілігін арттыруға да жіті мән беріліп келеді. Мәселен, жыл басынан бері 14 маман Польша және Жапония елдерінде қосымша білім алып жатыр. Сол сияқты медициналық құжаттарды электрондық жүйеге көшіру жұмысы да қарқынды жүріп жатыр.

Марат Сандыбаев, Шығыс Қазақстан өңірлік онкологиялық диспансер директоры:

– Қазір Жапонияда біздің 4 маман жаңа емдеу тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіріп жатыр. Ең бастысы ауруды ерте анықтауға күш саламыз. Сонда нәтиже де оң болады. Менің ойымша, еліміздегі онкологиялық қызмет сапасы да жыл өткен сайын жаңа деңгейге көтеріліп келеді.

Хабар 24 телеарнасы