366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстіккореялық онколог Қазақстанда тегін дәріс өткізеді

  • 121
  • UPD: 11:28, 11.10.2018
Оңтүстіккореялық онколог Қазақстанда тегін дәріс өткізеді

Танымал оңтүстіккореялық маммолог-дәрігер, Ихва әйелдер университетіндегі ісік аурулар орталығының басшысы Пек Нам Сун қазан айының 30 күні Қазақстанға келіп, Астана мен Алматы қалаларында тегін медициналық кеңес бермек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігер сүт безінің қатерлі ісігін емдеудің жаңа технологиясын түсіндірмек ниетте. Айта кетейік, Ихва әйелдер университетіндегі ісік аурулар орталығы – Кореяда әйелдерге арналған ең алғашқы клиника. Дәрігер Пек Нам Сун Қазақстанға осымен төртінші рет келгелі отыр. 

Пек Нам Сун, Ихва әйелдер университетіндегі ісік аурулар орталығының басшысы:

– Бұрын папиллома вирусын қоздыратын жатыр ісік ауруына шалдыққан әйелдер көп болатын. Ал қазір сүт безінің қатерлі ісігі жиі кездеседі. Бұл өмір сүру деңгейі мен азық-түлікке тікелей байланысты. Қазақстан тұрғындарына үнемі тексеруден өтіп тұруға кеңес беремін. Бастысы, қатерлі ісікті бастапқы уақытында анықтау. Аурудың алдын алған жөн. Сонымен қатар әйелдерге бала туып, оны өздері емізгендері абзал. Бұл ісік ауруының профилактикасы болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы