366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 400-ге жуық әлемдік емдеу ісінің мамандары бас қосты

  • 117
  • UPD: 11:28, 11.10.2018
Алматыда 400-ге жуық әлемдік емдеу ісінің мамандары бас қосты

Алматыда Қазақстан анестезиологтары мен реаниматологтарының үшінші құрылтайы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған еліміздегі дәрігер-анестезиологтармен қатар, Ресей, Латвия, Эстония мен Беларусьтен білікті мамандар шақыртылған.

Алмас Сәдуақас, тілші:

– Бүгінгі құрылтайға 400-ге жуық дәрігер мен емдеу ісінің мамандары жиналды. Оның ішінде Араб әмірліктері, Израиль мен Еуропаның бірқатар елінен құрметті меймандар бар. Сондықтан бұл құрылтайды халықаралық деңгейдегі жиын деп айтуға әбден болады.

Жалпы емдеу ісінде анезтезиология мен реаниматология егіз ұғым саналады. Ауқымы кең, міндеті ауыр мамандық. Анестезиолог – науқастың қан тамыры ағысын, жүрек қағысын, жалпы операцияның өту барысын қадағалайтын, ауырған тәнге тиісті дәрі егетін, науқастың тез емделіп кетуіне әрекет жасайтын білікті дәрігер. Жоғары санатты анестезиолог болу үшін дәрігердің жүйкесі мықты, қолы епті, хирургия, педиатрия, психология, неврология мен фармокология, жұқпалы ауруларды жақсы білетін көпсалалы адам болуы шарт.

Алмас Сәдуақас, тілші:

– Анестезиолог дәрігердің жауапкершілгі аса маңызды. Мысалы, жыл сайын елімізде жүрек пен жүрек қан тамырларына 700-ге жуық күрделі ота жасалады. Ал 2009 жылдан бері Қазақстанда 35 бүйрек ауыстыру операциясы жасалыпты. Бұл – тек балаларға ғана жасалған ота саны. Бұдан бөлек, күн сайын өтіп жатқан өзге де операциялардың сәтті шығуына анестезиологтардың айрықша үлесі бар.

Хабар 24 телеарнасы