366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да кәсіпкерлерге салықтан жалтаруға көмек көрсеткен қылмыстық топ ұсталды

  • 94
СҚО-да кәсіпкерлерге салықтан жалтаруға көмек көрсеткен қылмыстық топ ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында көлеңкелі кәсіпкерліктің көрігін қыздырған екі бірдей қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жалған құжаттар толтырып, іскер азаматтарға салықтан жалтаруға көмек көрсетіп келген. Прокурорлардың жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша, бірінің құрамына 18 кәсіпорын тіркелгені анықталды. Ал екінші топқа тіпті «экстремистерді қаржыландырды» деген айып тағылды. Соның салдарынан ел қазынасына 2 млрд теңге түспей қалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Гүлмира Бопанова, облыс прокурорының көмекшісі:

– Салықтан жалтарғысы келген адам сол серіктестікке жүгініп, олардан жалған есеп-фактураларын жаздыртып отырған. Бұл іске қатысы бар деген күдікпен 2 адам қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы