366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында 211 жемқорлық дерегі тіркелген

  • 164
Маңғыстау облысында 211 жемқорлық дерегі тіркелген

Маңғыстау облысында соңғы бір жарым жылда 211 жемқорлық дерегі тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 91-і парамен ұсталған, қалғаны мемлекет қаржысын жымқырып, алаяқтық әрекеттері үшін жауапқа тартылыпты. Сыбайлас жемқорлықтың көш басында жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу, әлеуметтік қорғау және тұрғын үй мен білім беру саласы тұр. Мемлекеттік кіріс департаментінде де заң бұзғандар көбейген. Жыл басынан бері 120 салық қызметкері тәртіптік және әкімшілік жазаға тартылған. Осы ретте сала басшылары Елбасы Жолдауынан соң арнайы жоспар құрып, жұмыс тәртібін бекітті.

Нұргүл Жанназарова, ҚР МҚІСЖҚІА облыстық департаментінің басшысы:

– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы ең бір маңызды тұстарының бірі – мемлекет органдарының тиімділігін арттыру және қоғаммен байланысты нығайта отырып, ашықтықты қамтамасыз ету. Және қоғаммен тығыз байланыс кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды форматқа көшірілуіне нақты тапсырмалар берілді. Бұл – дегеніңіз, өз кезегінде елдегі сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға бағытталған шаралар.

Хабар 24 телеарнасы