360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балқашта «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды

  • 147
  • UPD: 13:37, 11.10.2018
Балқашта «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды

Балқаш қаласында «Рухани жаңғыру» мәдени-танымдық орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда коворкинг залы мен мобильдік кітапхана, шешендік өнер кабинеті жұмыс істейді және рухани жаңғыру бұрышы бар. Орталықты ашу үшін жергілікті бюджеттен 30 миллион теңге қаржы бөлінген. Келушілерге 5 маман қызмет көрсетеді. Осындай оңтайлы орындар жастарды білімге, отансүйгіштікке баулып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға ықпал етері сөзсіз. «Әсіресе, жастар жылында орталықтың маңызы артып отыр», - дейді жоба жетекшілері. Жалпы Балқаш қаласында биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 80 миллион теңгеден астам қаражатқа 16 жоба жүзеге асырылған.

Расул Қасенхан, «Рухани жаңғыру» мәдени-танымдық орталығының жетекшісі:

– Мәдени-танымдық орталықта жастар жұмыс істейді. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырушы негізгі күш ол – жастар. Еліміздің дамуына барынша жұмыс істейтін боламыз. Алға қойған жоспарлы жұмыстарымыз көп. Атап өтсек, жастардың білімін жетілдіруге, кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыссыздықты жоюға күш салынады.

Хабар 24 телеарнасы