366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда сабын мен кір жуатын ұнтақ қымбаттады

  • 244
  • UPD: 14:29, 11.10.2018
Қазақстанда сабын мен кір жуатын ұнтақ қымбаттады Kolobok.ua

Қазақстанда сабын бен кір жуатын ұнтақ қымбаттаған, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, қыркүйек айында кір жуатын ұнтақтың бағасы жарты келі үшін 427 теңгеге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,7%-ға қымбат. Ал иіс сабын бір жылда 8,8%-ға қымбаттаған. Осылайша, иіс сабын бір жылда 211 теңгеге дейін, ал кір сабын 8%-ға - 120 теңгеге жеткен.

Сондай-ақ, зерттеуге қарағанда, елімізде сабын өндірісі 7 айда бірден 68,3%-ға қымбаттаған.

«Тіс жуатын паста бағасы 8,3 пайызға қымбаттаған. Елімізде орташа есеппен 469 теңгеге дейін қымбаттаған. Сусабын 6,2%-ға - 392 теңгеге көтерілді», - делінген зерттеуде.

 

Хабар 24 телеарнасы