360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ. Қасымов болашақ полиция қызметкерлерін қабылдады

  • 116
  • UPD: 15:14, 11.10.2018
Қ. Қасымов болашақ полиция қызметкерлерін қабылдады

Ішкі істер министрі Алматы облысы полициясының кадет сыныбын қабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болашақ тәртіп сақшылар Іле ауданының Өтеген батыр кентіндегі мектеп-гимназиясындағы оқу процесі мен жетістіктері туралы әңгімелеп, жергілікті жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ саптық дайындық бойынша дағдыларын және Ака-47 автомат қаруын бөлшектеу және жинау шеберліктерін көрсетті. Кәсіби ортаны және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға арналған кездесуде оқушылар, ата-аналары мен ұстаздары министр қолынан алғыс хаттарға ие болды. 

Мұрат Ұрымханов, Алматы облысы ІІД бастығы:

– Балалар біздің көз алдымызда өсіп келеді. Бірінші кезекте олардың бойынан тәртіпке деген ерекше құрмет байқалады. Оқушылардың құқық қорғау органдарына, жалпы полиция формасына деген қызығушылығы басым. Сапқа тұру, алғашқы әскери дайындық сынды жаттығуларға қуана қатысады.

Хабар 24 телеарнасы