366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада отандық өнімнің үздігі анықталмақ

  • 140
  • UPD: 15:15, 11.10.2018
Астанада отандық өнімнің үздігі анықталмақ

Алдағы екі күн бойы елордада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 153 компания қатысады. Айта кетері, аймақтық деңгейде ұзын саны 1163 компания бақ сынаған. «Бұл отандық кәсіпкерлердің өз өнімдерін кеңінен насихаттауға деген зор қызығушылығын білдіреді», – дейді ұйымдастырушылар. Себебі көрме-байқауының мақсаты жаңа іскерлік байланыстар орнату және ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған. Республикалық бәсеке «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» атты үш аталым бойынша өтеді.

Ләззат Рамазанова, ҚР «Атамекен» ҰКП" Төралқа төрағасы хатшылығының жетекшісі:

– Танымал болу үшін тек ел аузында жүрмеу керек, ел белгісін де алуы қажет. Кәсіпкерлердің деңгейінің өсуіне байланысты және формальды түрде өтеді деген ой болмас үшін осы ұсыныспен шықтық. Онлайн дауыс беру бір кезең болып саналады. Оның нәтижесін міндетті түрде Президент әкімшілігінде комиссияға береміз.

Хабар 24 телеарнасы