365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі азаматтық-процессуалдық кодекске өзгеріс енгізу қажет

  • 125
  • UPD: 19:31, 11.10.2018

Еліміздегі азаматтық процессуалдық кодекске түбегейлі өзгеріс қажет. Сондықтан қазіргі қолданыстағы құжатқа мамандар бес кешенді іс-қимыл тетіктерін енгізіпті.

«Судьялардың процессуалдық беленсенділігін арттыруға бағытталған заң жобасы сот жұмысының тиімділігін арттырады», - дейді Жақып Асанов. Бұл туралы Жоғарғы Сот төрағасы «инвестициялық және коммерциялық дауларды шешу тетіктері» атты халықаралық конференцияда мәлім етті. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы аясындағы іс-шараға дамыған елдердің судиялары да қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Қазір әлемде инвестиция үшін бәсекелестік артты. Ал инвестор заң үстемдігі орнаған, тәуелсіз соты бар және сот төрелігі тиімді әрі қолжетімді елдерді таңдайды. Сондықтан Қазақстандағы сот қызметін оңтайландырып, оған деген халықтың сенімін ұлғайту керек. «Ол үшін қолданыстағы заңнамаға бес өзгеріс енгізуді ұсынамыз» -  дейді Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов.         

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы:

- Біз судьялардың процессуалдық белсенділігін арттыратын заң жобасын жасадық. Бірінші, сот тек дау-жанжалға ұласқан істерді ғана қарауы керек. Екінші, қоғамдағы кикілжіңдерді азайтып, татуластыру қызметінің тиімділігін арттыру. Үшінші, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер секілді әкімшілік әділет заңнамасын енгізіп, мемлекеттік сектор қызметінің сапасын жақсарту. Төртінші, судья әрбір істегі даулы мәселелермен толыққанды танысып, әділ шешім шығару үшін судьяға процессуалдық белсенділікті бөліп беру. Бесінші, сот төрелігін болжамды қылу керек.

Хабар 24 телеарнасы