366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий жағалауындағы елдерде теңіз саяхаты жобасы жүзеге асады

  • 98
  • UPD: 20:42, 11.10.2018

Жақын арада Каспий теңізімен круизға аттануға болады. Бұл жоба жүзеге асса, туристтер алғаш рет су жағалауындағы барлық елдерді аралап шығу мүмкіндігіне ие болады. 

Каспий жағалауындағы елдер теңіз саяхаттар жобасын жүзеге асырмақ. Осы мақсатта Ресей жағы 300-ден астам жолаушы сыятын «Ұлы Петр» круиз лайнерін жақын арада іске қосады. Қазіргі кезде саяхат бағдарларын зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.

Кянан Гулузаде, Әзербайжанның туризм бойынша мемлекеттік  агенттігінің өкілі: 

- Қазір бірқатар бағыт қарастырылып ажтыр. Оның ішінде Астрахань қаласынан жағалаудағы бүкіл қалаларға круиз сапарлары ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Саяхаттарды бесжұлдызды лайнер жасайды. Бұл жобаға Әзербайжан елі де қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ жақын арада түркітілдес елдердің Жібек Жолы бойымен туристік жобасы да жүзеге асады. Оның бір бөлігі Каспий арқылы өтеді. Сарапшылардың пікірінше, Каспийде круизді кеме қатынасын дамыту мен тиесілі инфрақұрылымды құру,  туристтер санының және экономикалық көрсеткіштердің өсуіне серпін береді.

Эльшад Мамедов, экономикалық ғылымдар докторы, профессор: 

- Әрине мемлекеттің қолдауынсыз бұл жобаны жүзеге асыру қиын. Дегенмен келешекте ғылыми тұрғыдан негізделген осындай инвестициялық жобаларға бизнес құрылымдары қосылуы керек. Осылайша бизнес, мемлекет және ғылымның бірлескен еңбегі стратегиялық сипатқа ие болуы қажет. 

Қазіргі кезде әлемде круиз туризмы қарқынды дамып келеді. Осы саланың көшбасшылары жаңа бағдарлардың пайда болуына мүдделі. Ал Каспий елдерінің ортақ бір мақсаты - круиз туризміндегі жетекші компанияларды серіктестікке тарту болмақ.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы