360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Союз» зымыранының апаты: Билік өкілдері Қазақстан экологиясына қауіп жоқ екенін айтты

  • 105
  • UPD: 18:30, 11.10.2018

Байқоңырда «Союз МС-10» зымыран-тасығышын ұшыру кезінде төтенше жағдай салдарынан экологияға қауіп жоқ.

Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бірінші кезекте апат «Байқоңырда» болған жоқ. Бұл ұшыру кезіндегі штаттан тыс жағдай. Ғарыш айлағы өз орнында қаз-қалпында тұр. Онда барлығы тұрақты өтті, барлығы дұрыс. Бұл экологияға еш қауіп төндірмейді. Табиғатқа зияны жоқ. Бұл техника болған соң, құрылғылар істен шыққанын көрсетті», - деді комитеті баспасөз қызметінің өкілдері.

Ғарышкерлер Қарағанды облысы Жезқазған ауданына (қаладан 25 шақырым жерде) қонған. Қазіргі уақытта олар сонда. Әрбір ұшып-қонудан кейін өтетін уақыт. Ары қарай сұрақтар Роскосмосқа. Экипаждың жағдайы жақсы», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Аэроғарыш комитетінің өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта Роскосмос мамандандырылған комиссиясының отырысы өтіп жатқанын және соның нәтижесінде ресейлік тарап штаттан тыс жадайдың мән-жайын хабарлайтын болады. «Алаңдайтындай ештеңе жоқ, Қазақстанға еш зиян келмеді», - деп қорытындылады Аяроғарыш комитетінің өкілдері.

Еске салайық, Байқоңырда зымыран ұшыру кезінде төтенше жағдай болды. «Союз МС-10» бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. Олар аман-есен, байланысқа шықты. Іздеу және құтқару шарасына төрт тікұшақ жұмылдырылды. Тікұшақ бортында құтқарушылар мен дәрігерлер бар.

Хабар 24 телеарнасы